BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бозымбаев жылу беру маусымы туралы: Азаматтарымыз Үкіметтің ерекше жылуын сезінетін шығар

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Үкімет отырысында Энергетика министрлігі Қанат Бозымбаев биылғы жылу беру маусымы ойдағыдай жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, осы жылы жылу қазандықтарын жөндеу жоспардағыдай жүргізілген.

«Кезең штаттық режимде өтуде. Тұтынушылар электр және жылу энергиясыменен толық қамтамасыз етілді. Кеше 24-желтоқсан күні ең жоғары электр жүктемесі 14 740 МегаВатт тіркелді. Бұл соңғы жылдары тіркелген рекорд. Аталған көрсеткіш дамудың оң динамикасын көрсетеді. Бір жылға жоспарланған электр станциялардағы жөндеу жұмыстары іс жүзінде аяқталды», - деді ол.

Оның айтуынша, 8 энергиялық блокта 52 қазандықта, 44 трубинада, 28 3000 электр беру желілерінде және орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы 500 қазандықта жөндеу жұмыстары жасалған.

Сонымен қатар министр газ бен жылуға қарыз компанияларға тоқталды.

«Ең үлкен берешек «МайҚазАтомпром» мекемесінде. Қаржының көлемі – 3 млрд 600 млн теңге. Ол «ҚазТрансГаз» компаниясына қарыз. «ЖайықТеплокоммунэнерго» мекемесі 1 млрд-қа жуық теңге, «АлматыТеплокоммунэнерго» 900 млн теңге қарыз», - деді Бозымбаев.

Осы орайда ол Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтан көмек сұрады.

«Бақытжан Әбдірұлы, отынмен қамтамыз етуде кедергілерді болдырмау үшін өңірлердегі әкімдіктерден «Қазтрансгазаймақ» және «Богатырькөмір» мекемесі алдындағы берешекті өтеуді талап етуіңізді сұраймыз», - деді министр.

Сонымен қатар Бозымбаев премьер-министрге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, биылғы жылу беру маусымын тұрақты өтуін қамтамасыз етуге сөз берді.

«Жылу болмай қар кетпес» демекші, тұрғындар биылғы жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Азаматтарымыз Үкіметтің ерекше жылуын сезінеді деп ойлаймын», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер