BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бекетаев заң шығару процесінде Ұлыбритания тәжірибесін қолдануды ұсынды  

Фото: Informburo.kz

Әділет министрі Марат Бекетаев Парламент Сенатында заң шығару процесін жетілдіру мәселелері бойынша өткен үкімет сағатында әлемдік практикаларды енгізу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Оның айтуынша, сыртқы конъюнктураның тұрақсыз жағдайында заңдарға жиі түзетулер енгізу немесе жаңа жобаларын әзірлеу қалыпты процесс және бұл қолданыстағы заңнаманың сапасына байланысты емес.

«Егер жақында қабылданған заңнамалық өзгерістерге теріс салдарына орай түзетулер енгізілсе, бұл басқа мәселе. Мұнда, заң шығару сапасына қойылатын сұрақтар туындау керек. Заңнамалық өзгерістердің теріс салдары, әдеттегідей, екі жағдайда туындайды. Біріншісі – әзірлеуші салдарды дұрыс болжамағанда, екіншісі – енгізілген өзгертулер оң болғанда», - деді Әділет министрі.

Осыған байланысты ол Ұлыбритания тәжірибесін мысалға алды. Бұл елде заң жобасы Парламентке енгізілгенге дейін алдын ала Жасыл кітап және Ақ кітап пайдаланылады. Олар жаппай тиражбен жарияланады немесе алдын ала консультациялар жүргізетін белгілі адамдар тобына тікелей жіберіледі.

Жасыл кітап – бұл консультативтік сипаттағы құжаттар. Олар мемлекеттік органдар жүргізіп отырған саясатқа қатысты пікірлер мен ұсыныстарды жинау үшін Үкіметпен бірге дайындалады.

Консультациялар жүргізіліп өткізілгеннен кейін, одан әрі ықпалды Ақ кітап жарияланады. Бұл, Үкіметтің нақты бір саладағы болашақ саясаты туралы мәлімдемесін білдіреді. Онда заң жобасының алдын-ала дайындалған нұсқасы болуы мүмкін, кейіннен келіп түскен ескертулер мен ұсыныстарға сәйкес өзгертілуі мүмкін.

«Біздің заң шығару процесімізге осы тәжірибені енгізудің орындылығы тұрғысынан оны тереңірек зерделеуді жоспарлап. Егер біз ең үздік әлемдік практиканы тиімді енгізгіміз келсе, жаңа тәжірибені жылдам зерделеуге мүмкіндігіміз болуы қажет. Негізгі трендттер мен табысты тәжірибені зерделеу заң жобалау қызметінің маңызды элементі болып табылады», - деді Бекетаев.

Айта кетсек, бүгін ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Заң шығару процесін жетілдіру мәселелері бойынша өткен үкімет сағатында еліміздің заң шығару жүйесіндегі он мәселені атады.

Сонымен қатар, Тоқаев Парламент пен Үкімет алдында мемлекеттік ауқымдағы ортақ міндеттер тұрғанын, сондықтан құқық қолдану мәселелеріне назар аудару қажеттігін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер