BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақышев: «7-20-25» бағдарламасы бойынша 2352 өтінім мақұлданды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 7-20-25 бағдарламасы бойынша қазіргі таңда қарыз алуға 42 млрд теңге сомасындағы 3539 өтінім келіп түсті, оның 28 млрд теңге сомасындағы 2352 өтінімді мақұлданды. Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев Үкімет отырысында айтты.

Д. Ақышевтың айтуынша, қазіргі уақытта 7 банк өтінім қабылдауда, олар: Банк ЦентрКредит, АТФБанк, Цеснабанк, Банк RBK, Еуразиялық Банк, Халық банкі және ForteBank.

Ол сонымен бірге Мемлекет басшысының тапсырмасын жылдам бастап, іске асырудың маңызды екенін атап өтті.

«Қысқа мерзім ішінде қажетті инфрақұрылым құрылды, ақпараттық кампания кеңейтілді, банктермен және халықпен белсенді түрде жұмыс жүріп жатыр. Тиімділікті арттыру үшін қыркүйекте біз Бағдарламаға өзгерістер енгізілді. Шымкент қаласы және Астана мен Алматы қалаларының қала маңындағы аймақтары сатып алынатын баспананың ең жоғары құны 25 млн теңге мөлшеріндегі өңірлерге жатқызылды. Әкімдіктер және құрылыс инвесторлары іске асыратын жылжымайтын тұрғын үй нысандары есебінен бастапқы баспана ұғымы кеңейтілді. Баспана ұсынысын ынталандыру шаралары енгізілді. «Баспана» ипотекалық ұйымының жергілікті атқарушы органдардың теңгемен облигацияларын баспана салу үшін нарықтық мөлшерлемемен сатып алу тетігі көзделген», - деді Д. Ақышев.

Жиын барысынада ол, құны 10 млн теңге болатын пәтерді сатып алу үшін 2 млн теңге мөлшерінде бастапқы жарна қажет екенін түсіндірді. Бұл кезде ай сайынғы төлем 57 мың теңге болады, тиісінше банктің мақұлдауын алу үшін азаматтың ай сайынғы кірісі шамамен 120 мың теңге болуы керек екен. Себебі несие бойынша борыш көлемі кірістің жартысынан аспауға тиіс деген ереже бар.

«Халықтың төлем жасауға қабілетті болуы бағдарламаны сәтті іске асыру факторларының бірі болып табылады және оны одан әрі ынталандыру үшін Үкімет пен Ұлттық Банктің бірлескен шаралары қажет», - дейді Д.Ақышев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер