BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбылда «Тараз Hub» IT орталығы ашылды

Фото: Zhambylnews.kz

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысында «Тараз HUB» IT-орталығының» ашылу салтанаты өтті. Аталмыш орталық «Тараз» ӘКБ АҚ мен «Benediximus» компаниясының бірлескен жобасы болып табылады.

Бұл жөнінде облыстық инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Тараз hub» IT орталығына стартап компания ашуға ниетті кез-келген адам келіп, көмек сұрай алады. Мұнда 20 стартап компанияға арналған орын бар. Қазірдің өзінде 8 компания тіркеліп, өз жұмысын бастап та кеткен. Мәселен, жақында ғана Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы байқауының «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған «Novacom Technology» ЖШС орталық серіктесі болып табылады», - дейді баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, құрылғанына көп бола қоймаған компанияның «Taraz Іnvest» орталығымен бірлесе орындаған жобалары жетерлік.

«Сондай-ақ, «Enactus Dulati» командасы да тың идеяларын ортаға салып, жарамды жобалары жақында қаржыландырылуы мүмкін. Айталық, жас кәсіпкерлердің көмірді алмастыратын және одан сегіз есе арзанға түсетін отындары өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың қызығушылығын тудырып отыр. Ал, «Intellect soft» және «Logitech» серіктестіктері жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету мен софттарды әзірлеуде. Орталықта бұдан да өзге қызмет түрлерін ұсынады», - деп жазылған хабарламада.

Яғни, мұнда барлық жастағы адамдарды IT саласындағы жаңа технологияларға, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге үйрететін болады. Оқытушылардың біліктілігін арттыру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жұмыстары жүргізіледі Коворкинг аймағында заң және бухгалтерлік салалары бойынша жұмыс орындары ұсынылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер