BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Телекөпір. "Қазпошта" фулфилмент-орталықтарын іске қосты

Астана, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір барысында Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы фулфилмент-орталықтарды іске қосты.

Олар Қазақстан аумағында электрондық коммерцияны дамытуға бағытталған жобалар қатарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде құрылған болатын.

Интернет-дүкендерге тапсырысты ресімдеу, сәлемдемелерді сақтау, өңдеу және сатып алушыларға жеткізу бойынша қызметтер кешенін көрсететін орталықтардың жобалық қуаттылығы жылына 8 млн. сәлемдеме. Күтілетін экономикалық нәтижесі – жылына 3,6 млрд теңге. Бүгінде Алматы мен Астанадағы фулфилмент-орталықтарында 50-ден астам интернет-дүкенге қызмет көрсетіледі. Олар логистикаға, қойма жалдауға, персонал жалдауға жұмсалатын өз шығындарын және басқа да шығындарды азайтты, сондай-ақ фулфилмент-орталықтарына тауарларды орналастыру арқылы жеткізу мерзімдерін қысқартты.

Сонымен қатар 2017 жылы Қазпошта пошта жөнелтілімдерін сұрыптауға арналған автоматтандырылған желіні іске қосты, оның қуаттылығы тәулігіне 120 мың сәлемдемеге дейін жетеді. 2018 жылы электрондық коммерция орталықтарында шамамен 2 000 шағын және орта бизнес өкілі оқыды. Электрондық коммерция нарығында 42 мың жұмыс орны құрылды. Осылайша, елімізде электрондық сауданы дамытуға арналған инфрақұрылым толықтай қалыптасты.

Сондай-ақ Елбасына ауылдық елді мекен тұрғындары үшін әзірленген «әмбебап агент» таныстырылды. Бұл кабинадан Қазпошта клиенттері пошта байланысы, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласында және ХҚКО-да онлайн режимде қызметтер ала алады.

Көрмеде көрсетілген дрондар шалғайдағы елді мекендерге мерзімді баспа басылымдарын жеткізуге арналған. Робот-пошташы – салмағы 20 килограмға дейінгі жүктерді жеткізетін мобильді робот, ол «соңғы миля» мәселесін шешеді.

Pepper робот-консультант Робополис аумағындағы Робопост офисінде консультант ретінде пайдаланылады. Биометрия жүйесінің арқасында Pepper келушілерді сәйкестендіре алады және оларға Қазпошта қызметтері мен сервистері бойынша кеңес береді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер