BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Абылайхан Оспанов: Қазақстанда Digital – ХҚО ашылды 

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Астана, BAQ.KZ тілшісі. 12 желтоқсан күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ЕХРО жанында Қазақстандағы ең алғашқы «Elektrondyq qyzmet ortalyǵyn» ашты. Мұндай орталық Астана және Алматы қалаларында жалғасын тапты.

«Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарайтын «Азаматтарға арналған үкіметтің» ұжымы «100 нақты қадам» ұлттық жоспары мен «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында мемлекттік қызмет көрсету саласын дамыту үшін иновациялық жаңашылдықтар еңгізуде. Мәселен биылғы жылдан бастап Digital – ХҚО ашылды. Сондай-ақ азаматтарға кеңес беруге арналған Тelegram-бот, нәтиженің дайындығы туралы SMS-хабарлама, жеке тұлғаны куәландыратын құжаттарды бір күнде беру, ЭЦҚ-сыз 30 элетрондық мемлекеттік қызмет алу, дайын болған жүргізуші куәлігін кез-келген фронт-офистен алу, зейнетақы төлемдерін алдын ала есептеу сияқты сервистер іске қосылды»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов

Мұндай орталықтар азаматтардың уақытын үнемдеп қана қоймай, қаржылай тиімділігі артқан композиттік қызметтер санының өскенін де айтты.

«Түрлі пилотты жобалар іске қосылып, қазір сәтті нәтиже беруде. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсетудің проактивті принципін толықтай электрондық нұсқада жүзеге асыру және еліміздегі түрлі мекемелердің ақпараттық жүйесін біріктіру бағыттарыда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен шалғай елді-мекендердің тұрғындары біздің қызметтерді қолжетімді ету үшін қажетті жағдай жасалып жатыр. Мемлекттік қызмет көрсету саласында біраз жетістікке жеткеніміз анық, алайда мемлекеттік қызметтердің толыққанды провайдеріне айналу жолында «Азаматтарға арналған үкіметті» бұдан да биік мақсат-міндет күтіп тұр. Бұл тұрғыда корпорация қызметін дамыту барысында салмақты ой-пікір айтып, тұщымды ұсыныс жасап жүрген отандастарымызға алғыс білдіріп, біз үшін әрбір азаматтың өтініш-тілегі маңызды екенін айтқым келеді»,-дейді Абылайхан Оспанов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер