BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» атты конференция өтті

Астана. 4 мамыр. Baq.kz - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференциясы өтті.  

Аталмыш модель БҰҰ-ның Орталық Азия аумағындағы ең ірі моделі болып табылады. Жастар форумы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25-жылдығы мен еліміздегі БҰҰ қызметінің 25-жылдығына арналды. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б. елдердің студенттері қатысты. Делегацияның басым бөлігін Қазақстанның әр аймағынан келген студенттер құрады.

Университеттің Бірінші проректоры Мұхамбетқали Бүркітбаев БҰҰ Моделінің өткізілуін 2015 жылдың қыркүйегіндегі Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Ә.Назарбаевтың маңызды бастамалары қаралған «Тұрақты даму мақсаттары» декларациясына қол қойылған күндермен сәйкес келуінің мәнін ерекше атап өтті.

БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомура мырза өз сөзінде: «Жастар форумы БҰҰ-ның тұрақты даму мәселелері бойынша өткен Саммитте қалыптасқан Дамудың 17 мақсатын дамытуға бағытталған», - деді.

Күн тәртібіндегі діни азшылықтардың мәдени алуантүрлілік ретіндегі интеграциясы; халықаралық ақпараттық қауіптерінің алдын алудың жаңа концепциялары; ТДМ-10 аясында ел ішіндегі және елдер арасындағы байлықтардың дұрыс бөлінбеуі; репродуктивті денсаулық саласындағы сексуалдық және гендерлік зомбылықтың әсері; дамушы елдердегі өндірістік қауіпсіздік сияқты тақырыптардың өзектілігін мақұлдады. Шимомура мырза БҰҰ Моделі тұрақты әлемді құруға теңдессіз көмек көрсететініне деген үмітін білдірді. Оңтүстік Африка Республикасының елшісі Ширин Сони мырза сөз сөйлеп жатқан кезде жүздеген студенттер оның бұйрығы бойынша қолдарын көтеріп, салтанатты түрде БҰҰ қағидалары мен құндылықтарын үнемі қолдайтындығы жөнінде салтанатты түрде ант берді. Сондай-ақ Италия елшісі Стефано Раваньян, Франция елшісі Френсис Этьен құттықтау сөздерімен ортаға шықты. Олар әлемде көптеген қақтығыстар, соғыстар мен трагедиялар орын алып жатқанда, БҰҰ платформасы бірліктің, өзара түсіністік пен келісім мекеніне айналғандығын атап өтті.

АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулы Марк Муди бірнеше жылдар бойы АҚШ үкіметінің қолдауымен өтіп жатқан форумның маңыздылығын атап өтті. Студенттердің тұрақты даму құндылықтарын үнемі қолдайтындықтарына үлкен үміт артты.

БҰҰ Алматыдағы қоғамдық департамент директоры Властимил Самек мырзаның БҰҰ Бас хатшысы Кристина Гаяктың қолы қойылған ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» Бағдарламасының Ғаламдық Хабы ретіндегі құзыреттілігінің мерзімін ұзарту туралы БҰҰ сертификатын табыстау рәсімі салтанатты түрде өтті. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер