Желтоқсан айы мерекеге толы. Елорда әкімдігі желтоқсан айында 70-тен асатын мәдени-бұқаралық шаралар бағдарламасын жасады, деп хабарлады қалалық «Вечерняя Астана» газеті.


Желтоқсан айы мерекеге толы. Елорда әкімдігі желтоқсан айында 70-тен асатын мәдени-бұқаралық шаралар бағдарламасын жасады, деп хабарлады қалалық «Вечерняя Астана» газеті.
1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнінде дәстүр бойынша елдің басты шыршасын жағу рәсімі өтеді. Ал, 15 желтоқсанда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған садақ ату бойынша Астана қаласының чемпионаты өтеді. Ал, жаңа жыл қарсаңында - 28 желтоқсанда астаналықтар шаңғы жарысында бақ сынасады. Сондай-ақ бір ай ішінде үздік құрылысшылар, кәсіпкерлер, педагогтар, ОАБ және ЖОО студенттері айрықша грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталады. ҚР Тәуелсіздігі күні - 16 желтоқсанда қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады.
ҚазАқпарат
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!