BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жылдың үздік футболшысы анықталды

Лука Модрич ФИФА-ның нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды. Ол «Реал» мен Хорватия құрамасының жартылай қорғаушысы болып ойын көрсетіп келеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Үздіктер үштігін Модричтен басқа, Криштиану Роналду мен Мохаммед Салах түйіндеді.

Дауыс беру бойынша Хорват футболшысы 29,05 пайызбен алғашқы орын болса, 19,08 пайызбен Роналду екінші орынға орналасса, Салах 11,23 пайызбен үштікті қорытындылап тұр.

Модрич биылғы жылы «Реалда» ойнап, Чемпиондар лигасында топ жарды. Ал Хорватия құрамасында жүріп әлем чемпионатының финалына дейін жетті.

33 жастағы футболшы бұған дейін УЕФА-ның таңдауы бойынша өткен маусымның үздік ойыншысы атанған болатын.

10 жыл бойы Роналду мен Мессидің қолынан түспеген «Жылдың үздік футболшы» атағы биыл Модричтің құшағында кетті. дегенмен, "жыл үздігі" желтоқсан айында анықталатын «Алтын доптың» иегері атана ала ма, жоқ па, бұл уақыт еншісінде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер