BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жазғы Азия ойындарына Түркістан облысынан 52 спортшы барады

18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында Индонезияда XVIII жазғы Азия ойындары өтеді. Дүбірлі бәсекеге Қазақстаннан 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, Түркістан облысынан 52 спортшы құрлықтың басты бәсекесінде бақ сынайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы, Азия ойындарынан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының спортшылары алтын медальсіз қайтқан емес. Тиісінше, ортақ жеңіске қомақты үлес қосып келеді. Мәселен, 2014 жылғы Инчхондағы Азия ойындарында Оңтүстік өрендері 5 алтын, 6 күміс және 17 қола медаль олжалады. Биыл да сол биіктіктен түспеу міндеті тұр.

Индонезия төрінде Қайрат Ералиев пен Бекдәулет Ибрагимовтен (екеуі де бокс), Тимур Хайдаров, Тимофей Емельянов, Сергей Емельянов, Евгений Алексеев (байдарка және канэда өсу), Отгонцэцэцг Галбадрах (дзюдо) сынды спортшылардан ел алтын жүлде күтеді. Сондай-ақ оқу ату және стенд ату шеберлері мен таэквандо, каратэ спортының өкілдері де қоржынға жүлде салады деген сенім бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер