BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сотталып кете жаздаса да, ол - көшбасшы

Forbes журналы құрастырған 2017 жылғы ең көп ақша төленетін футболшылардың тізімінде португалиялық Криштиану Роналду бірінші орында тұр, деп хабарлайды BAQ.kz.

32 жастағы Мадридтің «Реал» командасының шабуылшысы және Португалия құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған Роналду тізімде қатарынан төртінші рет бірінші орынды еншіледі. Басылымның бағалауы бойынша 2016 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың мамыры аралығында ойыншы 93 миллион доллар тапқан. Оның шамамен 58 миллионы - оның жалақысы клубтағы бонусы, ал қалғандары жарнамалық келісімшарттардан түскен.
Екінші орында - «Барселона» және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси. Оның кірісі жылына 80 миллион долларды құрайды. Мұның 50 миллионы - жалақысы мен клубтағы бонустары.
Үшінші орын табысы 34 миллион долларға жеткен «Барселонаның» тағы бір ойыншысы бразилиялық Неймардың еншісіне тиді.

Естеріңізде болса, Криштиану Роналду салық төлемегені үшін 5 жылға сотталып кете жаздаған болатын. Ол сотталмас үшін 6 млн еуро төлеп құтылған.

vesti.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер