BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Сарыарқа» хоккей клубының бас бапкері ауысты

Фото: ашық дереккөзден

«Сарыарқа» хоккей клубында өзара келісе отырып бас бапкер Кари Хейккиля мен аға бапкер Томми Неккуламен келісімшарттар бұзылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Финн маманы Кари Хейккиля бұған дейін «Локомотив» (Ярославль), «Металлург» (Магнитогорск) және Беларусьтің ұлттық құрамасына жетекшілік еткен. Ал қарағандылық клубтың басшылығына биылғы мамыр айының басында келген болатын.

Белгілі болғандай, команданың бас бапкері міндетін атқарушы болып «Теміртау» хоккей клубынан Дмитрий Максимов бекітілді.

Айта кетейік, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионаты аясындағы тоғыз матчта алты рет жеңіліс тапқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
26 Желтоқсан 2018, 18:23
Сыртқы істер министрі ауысты
Пікірлер