BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулаудан жарыс өтеді

Елордалықтар үшін ерекше жарыс 25 тамызда өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Конституция күніне орай, Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысын ұйымдастырады.

Жарысқа қатысушылардың өтініштері жұмыс күндері 24 тамызға дейін Қабанбай батыр даңғылы, 33 мекенжайы бойынша және zhasnur.tabigat@mail.ru электрондық почта арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары: 55-67-04, 55-75-22,8-701-852-33-34, 8-707-665-31-6.

Спорттық балық аулау жарысының бағдарламасы:

Қатысушылардың жиналуы және тіркелудің басталу уақыты – 08:00 – 08:30

Тіркелу және қатысушылар жеребесі – 08:30 – 09:00

Жарыстың ашылу салтанаты – 09:00 – 09:20

Алаңға шығу және дайындық уақыты – 09:20 – 09:30

Жарыс уақыты – 09:30 – 12:00

Ауланған балықты өлшеу, нәтижесін қорытындылау – 12:00 – 13:30

Құрметті қонаққа сөз беру, Фестивальдің ашылуы – 12:00 – 13:00

Спорттық балық аулау қатысушыларын марапаттау рәсімі – 13:00 – 13:30

Спорттың экстремальді түрлері фестивалінің бағдарламасы:

Жарысқа қатысушылар жеребесі

(гидроскутер, рафтинг, кайтсерфинг),

төрешілер, дайындық – 14:00 – 15:00

Жарысқа қатысушылардың салтанатты түскі ас уақыты – 14:00 – 15:00

Жарыс қатысушалырының бастауы – 15:00 – 17:00

Нәтижесін есептеу, жеңімпаздарды марапаттау – 17:00 – 18:00

Кешкі бағдарламаның басталуы – 18:00 – 00:30

Иллюзианисттердің өнер көрсетуі – 18:00 – 19:00

Астана және басқа қалалардың

рок топтарының концерті – 18:30 – 00:00

От шашу – 00:00 – 00:30

«Елорданың үздік ди-джейлерінен» Open Air – 00:30 – 04:00


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер