BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақстан» телеарнасы Еуропа лигасының көрсетілім құқығына ие болды

«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы FIFA 2018 футболдан әлем чемпионатының көрсетілімінен кейін футбол жанкүйерлерін тағы да қуантақ. Бұл жолы корпорация УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында 3 жыл бойы көрсету құқығына ие болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары футбол әлеміндегі 2018/2019 маусымындағы ең таңдаулы клубтардың тартысты матчтарын 2018 жылдың 15 тамызынан бастап 2019 жылдың 1 маусымына дейін тікелей эфирде көрсететін болады.

«Qazsport» телеарнасы алғашқы УЕФА Суперкубогі кездесуін Эстония астанасы Таллин қаласында өтетін Еуропа мен Испания футболының қос үздігі мадридтік клубтар, УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы «Реал» мен Еуропа Лигасының жеңімпазы «Атлетико» ойындарын 15 тамызда 00:50-де көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, «Қазақстан» телерадиокорпорациясы еурокубоктік бәсекелерді 2009 жылдан бастап көрсетіп келеді. Алғашқы жылдары 1 жылға ғана трансляция құқығын иеленсе, енді 3 жылдық келісімшартқа қол қойылды.

Сондай-ақ, футболсүйер қауым барлық матчтарды кез-келген уақытта “Qazaqstan TV” мобильдік қосымшасынAppStore және Play Market арқылы жүктеп алып көре алады.

УЕФА Чемпиондар Лигасының 2018 жылғы тамыз айындағы көрсетілім кестесі

«QAZSPORT» телеарнасы

матч

күні

уақыты AST

телеарна

1

БЕНФИКА (Португалия) – ПАОК (Грекия)

21 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

2

БАТЭ (Беларусь) – ПСВ ЭЙНДХОВЕН (Нидерланд)

21 тамыз

00:50

QAZSPORT

3

АЯКС (Нидерланд) - ДИНАМО КИЕВ (Украина)

22 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

4

ДИНАМО КИЕВ (Украина) - АЯКС (Нидерланд)

28 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

5

ПАОК (Грекия) – БЕНФИКА (Португалия)

29 тамыз

00:50 live

QAZSPORT

6

ПСВ ЭЙНДХОВЕН (Нидерланд) – БАТЭ (Беларусь)

29 тамыз

00:50

QAZSPORT


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер