BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

GGG vs Canelo: Үшінші жекпе-жектің уақыты анықталып қойды ма?

Астана, BAQ.KZ. Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) ресми сайтында 2019 жылғы жоспарларға қатысты қызықты ақпарат жарияланды.

vesti.kz порталының жазуына қарағанда, алдағы жоспарлар кестесіндегі 2019 жылдың 4 мамырына Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс кеші өтетіні көрсетілген. Бұл шараны ұйымдастырушылар Golden Boy Promotions және GGG Promotions компаниялары, ал трансляциялаушы DAZN стриминг қызметі.

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде кім жұдырықтасатыны белгісіз. Алайда жоғарыда аталған компаниялар орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) ісін жүргізеді.

Промоутерлер боксшылар арасындағы үшінші жекпе-жек өткізу үшін орын дайындап қойған болуы мүмкін. Дегенмен NSAC күнтізбедегі жоспарлар әлі нақты емес және кейін өзгеруі мүмкін екенін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер