BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

GGG UFC-ке бара ма? Дана Уайт нені меңзеп отыр

Астана, BAQ.KZ. UFC президенті Дана Уайт үлкен жекпе-жектер ұйымдастыру ынтасы барын айтты.

AllBoxing.Ru сайтына сұқбат берген UFC президенті Сауль Альварестің келісімшартынан кейін де бокс турнирін ұйымдастырудан бас тартпайтынын айтты.

"Иә. Кеше осы мәселе бойынша Лос-Анджелесте кездесуде болдым. Алға жылжып келеміз" - деді ол.

Сонымен қатар ол, жақында жаңа аренаны іске қосатынын, онда әлемдік додалар өткізгісі келетінін жасырмады.

"Таяуда. Көршілес тұрған ғимаратты сатып алдым, біз онда 12 миллион доллар саламыз, өзіміздің аренамыз болу үшін. Көрші ғимаратта жекпе-жек өткізіп, оны әлемге трансляциялай аламыз. Мен ММА, бокс, кикбоксинг, джиу-джитсу ережелері бойынша жекпе-жектер өткізе алатын боламын. Барлық турнирлер мен шайқастар. Журналистерге әркез шыдай тұрып, келесі жылы не істейтінімізді көріңдер деп айтқам. Бес жылдық жоспарым туралы айтқанмын. Біз деңгейді жоғарлатып, жанкүйерлер назарын өзімізге бұрамыз" - дейді дана Уайт.

UFC президенті "Нақты аттар атаңыз дей алмаймын. Бірақ Головкинді шақырасыз ба соны білгіміз келеді" деген сұраққа: "Бизнесті қалай басқаратыным мен маған не ұнайтынын білсеңіз, онда үздік боксшыларды қалайтынымды, оларды жұдырықтастырып, кім нағыз чемпион екенін білгім келетінін түсінесіз" - деп жауап берді..


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер