BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Футболдан І-орынды 1-полиция батальоны иеленді

Елбасының «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, сондай-ақ Астана қаласы МКҚБ жеке құрамына салауатты өмір салтын насихаттау, спорт шеберлігін арттыру және ұжымда моральды-психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында Астанада Күзет қызметі басқармасы бөліністерінің арасында футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс мемлекетіміздің әнұранымен ашылып, басқарма бастығының орынбасары полиция майоры Омаров Оралбек Тәубақабылұлы құттықтау сөзін жанкүйерлерге және команда ойыншыларына жолдады.

Құттықтау сөз кәсіби даярлық аға инспекторы А. Төлегеновтың үн таспамен қойған әсем әнмен жалғасып, қатысушылардың көңілдерін бір сергітіп тастады.

Тартысты өткен жарыста жүлделі ІІІ-орынды басқарма аппаратынан құралған командасы алды, ІІ-орынға 3-полиция батальонының командасы ие болды, ал жүлделі І-орынды 1-полиция батальонының командасы жеңіп алды.

Жарысқа белсенді қатысқаны үшін 2-полиция батальонының командасы арнайы громатамен марапатталды.

Жарыстың үздік номинациялары бойынша «Үздік қақпашы» атағын Бердібекұлы Сағынай, «Үздік қорғаушы» Төлегенов Азамат Сұлтанбекұлы, «Үздік шабуылшы» Шахабаев Боритас Бахытұлы, «Үздік ойыншы» атағын Қоғабай Жұмабай Батырәліұлы иеленді.

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен медальдар және ауыспалы кубок табыс етілді. Жарыс соңында басқарма бастығының орынбасары Оралбек Тәубақабылұлы жеңімпаздарды құттықтап, салауатты өмір салты қоғамымызда ерекше орын алатындығын айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер