BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты қайда өтетіні анықталды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты Германияда өтеді. Бұл туралы бүгін Ньонда (Швейцария) өткен UEFA (Еуропа футбол қауымдастығы) жиында белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еуро-2024 турнирін өткізуге Германия мен Түркия үміткер болған.

2020 жылғы Еуропа чемпионаты сынақ ретінде Англия, Германия, Ресей, Әзербайжан, Италия, Румыния, Дания, Нидерланды, Испания, Ирландия, Венгрия және Шотландияның қалаларында өтеді.

2016 жылғы Еуропа чемпионаты Франция ұйымдастырған. Финалда Португалия құрамасы Францияны жеңіп, чемпион атанған.

Футболдан Еуро жарысына UEFA-ға мүше елдердің құрамалары қатысуға құқылы. 55 ел алдымен іріктеу жарысына қатысады. Үздік шыққан 24 құрама Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады. Қазақстан - 2002 жылдан бері UEFA мүшесі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер