BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ФИФА осы жылы соғылған ең сәтті голдардың ондығын жариялады

ФИФА осы жылы соғылған ең сәтті голдардың ондығын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық футбол федерациясы 2017 жылғы ең үздік голдың авторына берілетін Пушкаш сыйлығына үміткерлердің есімдерін жариялады.

Дәстүрге сай ФИФА түрлі елдер мен дивизиондарда соғылған он голды таңдап алды. Айта кетерлігі, номинацияға әлемге әйгілі клубтардың футболшыларымен қатар, аса танымал емес ойыншылар да ілікті.

Ең сәтті гол соққан үздіктердің қатарында 17 жасқа дейінгі Венесуэланың әйелдер құрама командасы ойыншысы Дейна Кастельянос та бар.

Басқа үміткерлердің арасында: Алехандро Камарго «Универсидад де Чили», Чили), Мусса Дембеле («Селтик», Шотландия), Кевин-Принс Боатенг («Лас-Пальмас», Испания), Авилес Уртадо («Тихуана», Мексика) және Оскарине Масулуке («Барока», ОАР) бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер