BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Элизабет Тұрсынбаева Skate Canada жарысында 5-орын алды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева Канадада өткен мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирінің екінші кезеңін Skate Canada жарысын 5-орынмен аяқтады.

Ол қысқа бағдарламада 61.19 ұпай алып, 6-орынға жайғасқан болатын. Ал қазылар еркін бағдарламасын 124.52 ұпайға бағалады. Нәтижесінде Тұрсынбаева 285.71 ұпаймен 5-орынға ие болды.

Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша ресейлік Елизавета Туктамышева 203.32 ұпаймен турнир жеңімпазы атанды. Ал 203.06 ұпай алған жапон спортшысы Мако Ямашита 2-орынға жайғасса, екі дүркін әлем чемпионы, екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері ресейлік Евгения Медведева 197.91 ұпаймен 3-орыннан көрінді.

Еске сала кетсек, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы маусым айынан бастап ресейлік жаттықтырушы Этери Тутберидзенің қол астында жаттығады. Ол жақында ғана Finlandia Trophy Espoo халықаралық турниріне қатысып, екі бағдарламаның нәтижесінде 200.74 ұпаймен екінші орынға ие болған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер