BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасы мықты команда – Рой Джонс

Танымал кәсіпқой боксшы Рой Джонс Астанада Қазақстан ұлттық құрамасының боксшыларымен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Рой Джонс ұлттық құрама базасына күтпеген жерден келді. Ол Қостанай облысына бір спорттық іс-шараға шақырылған болатын. Бірақ ұлттық бокс құрамасы Астанада Азиада алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатқанын естіген соң Рой Джонс біздің боксшылармен кездескісі келді.

Атақты спортшы команданың қандай жағдайда жаттығып және демалып жатқанын өз көзімен көрді. Құрама команданың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановпен және спортшылармен сөйлесіп, оларға Азия ойындарында сәттілік тіледі.

«Білем, қазір жарыс бағдарламасы өзгерген. Сіздер медаль аламыз деп үміт артқан бірнеше салмақ дәрежесі алынып тасталды. Бірақ соған қарамастан, сіздер бірнеше алтын аласыздар деген сенімдемін. Мен қазақстандық бокстың тарихын жақсы білемін. Ол әлемде жетекші орындардың бірін иеленіп үлгерді. Қазақстандықтар әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да өздерінің басымдығын талай рет дәлелдеген. Сондықтан, бүгінде сіздер - өте мықты командасыздар. Мен сіздердің жеңіспен оралатындарыңызға сенемін»,-деді Рой Джонс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер