BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыға Қысқы универсиада-2019 алауы келді

Фото: Автор

Алматыда 29 Қысқы Универсиада ойындарының Алау эстафетасы өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ыбырайымов Алау эстафетасын ойындарды қабылдап алған Ресей елінің спорт министрінің орынбасары әрі статс-хатшы Наталья Паршиковаға тапсырды.

Баулан Шолақ атындағы спорт сарайынан бастау Алау эстафетасы Абай көшесі бойымен жүріп Республика Сарайына дейін жалғасты.

Шараның салтанатты ашылуында қала әкімінің орынбасары Айдар Қырықбаев құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ойынды өткізгелі отырған Ресей еліне сәттілік тіледі.

«Біз үшін бұл үлкен қуаныш және мәртебе. Өйткені Алматы тек Қазақстанның ғана емес Орталық Азиядағы ең үлкен спорт қаласы. 2017 жылы 28 Қысқы Универсиада ойындарын жақсылап өткіздік, оған барша халықаралық спорттық қауымдастықтар жоғары бағасын берді. Сондықтан бүгінгі шараны өткізу үлкен заңдылық», - дейді А. Қырықбаев.

20 қыркүйек күні Алау эстафетасы Италияның турин қаласында өткен еді, Алматыдан кейін оны Қытай елі қабылдап алады.

«Бір жарым жыл бұрын сіздерден келесі Универсиада ойындарының жалауын қабылдап алған едік. Бүгін алау факелімен келіп отырмыз. Сіздердің дүниежүзілік спорт үшін жасаған еңбектеріңізді Красноярскіде абыроймен жалғастыратын боламыз. Көшелеріңіздің бойымен жүретін бұл Алау әлемдік достықтың, дүниежүзіндегі студенттік спорттың символы», - деді Наталья Паршикова.

Еске салсақ, 29 Қысқы Универсиада ойындары 2019 жылы Ресейдің Красноярск қаласында 2-12 наурыз аралығында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер