BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда спортшыларды ІІІ Азия Параойындарына шығарып салу рәсімі өтті

Фото: ҰПК баспасөз қызметі

Бүгін Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында спортшыларды ІІІ Азия Параойындарына салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясы диреткорының орынбасары Самат Ерғалиев халықаралық додада еліміздің көк туын желбіретуді тіледі.

«Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасалып жатыр. Бір тұтас бір команда болып, бір ел болып, шетелде Қазақстанымыздың көк туын қорғаудың маңызы зор», - деді ол.

Айта кетсек, 6-13 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Жазғы Азия Параойындарына қатысатын Қазақстанның Паралимпиада құрамасы соңғы оқу-жаттығу жиынын Алматы қаласында өткізгенін хабарлаған болатынбыз.

Сонымен қатар, бұған дейін алдағы Ойындардың жеңімпаздары мемлекеттен қанша теңге ақшалай сыйлық алатынынҰПК қызметкері Вaq.kz-ке сұхбатында айтқан еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер