BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда мешіт қызметкерлері арасында спартакиада өтіп жатыр

Фото: автор

Қаладағы 49 мешіттің жүзге тарта қызметкері спорттық ойындарда бақ сынауда, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Спартакиада аясында мешіт қызметкерлері жеңіл атлетика, гір көтеру, қол күрес, шағын футбол, арқан тартысы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен сынға түсуде.

Аталған шара «Асыл мұра» бағдарламасы шеңберінде мешіт жамағаттары арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырлып отыр. Бағдарлама басшысы Досжан Қаматайдың айтуынша, мұндай спартакиада осымен екінші рет өтіп отыр.

«Былтыр пилоттық жоба ретінде өткізгенбіз. Осы жылы 69 іс-шара өткізу жоспарланған, оның тең жартысын өткізіп болдық. Құрабан айт, Ораза айт, қала күні кезінде қазақ ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтті. Сондай-ақ қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды. Бүгінгі спартакиадаға 100-ден аса адам қатысуда», - дейді ол.

Сонымен қатар ол қазіргі кезде Алматы мешіті жамағаттары арасында шағын футболдан турнир өтіп жатқанын, оның бас жүлдесіне 1 млн тігілгенін айтып өтті.

«Оған қаламыздағы барлық 49 мешіттің жамағаты қатысуда. Сайыс үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мешіттің ішкі іріктеуі, мәселен орталық мешіттен 7-8 команда шықса, олар өз ішінде сайыс өткізіп, мықты команданы анықтайды. Екіншісі - аудандық кезең, яғни ауданда неше мешіт бар солар мықтыны анықтайды. Қазан айының соңында 8 ауданнан жолдама алған сегіз команда финалда сынға түсетін болады. Қазір бізде аудандық кезең өтіп жатыр», - деп айтты Досжан Қаматай.

«Асыл мұра» бағдараламасының басшысы бұл шаралардың барлығы қала әкімдігінің, соның ішінде Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен өткізіліп отырғанын жеткізді.

«Спорттық шаралар осы спартакиадамен шектеліп қалмайды, қараша айының соңында әйел адамдар арасында волейбол лигасы өтеді. Оған қазір Қазақстан Дін істері бекіткен спорттық киім түрі бойынша арнайы киімдер тіктіріп жатырмыз», - деп мәлімдеді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер