BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «Kuz open-2018» халықаралық ашық турнирі өтеді                                                                                      

Қыркүйектің 13-і мен 14-і күндері Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен грэпплингтен Arlan Grip Selection «Kuz open-2018» халықаралық ашық турнирі өтеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың бірінші күні 6-17 жас аралығындағы кез келген қатысушылар бақ сынайтын болса, екінші күні 18-ден жоғары спортшылар өнер көрсетеді.

Бұл сайыстар ABB аренасында, AIGA халықаралық әуесқойлар лигасы қауымдастығының ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өткізіледі.

Екі күн де сағат 10:30-да басталады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер