BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Алматы Туры-2018» веложарысының бірінші кезеңінің жеңімпаз анықталды

Astana Pro Team велошабандозы Давиде Виллела «Алматы Туры-2018» көпкүндік веложарысының бірінші кезеңінде жеңіске жетті. Бұл жарыс атақты велошабандоз Андрей Кивилевқа арналды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол мәреге 4 сағат 9 минут және 35 секундта жетті. Ал, екінші болып 35 секундтан соң американдық спортшы Симон Пеллауд (Team Illuminate) келсе, Албания өкілі Пиерпало Фикара (Amore&Vita - Prodir) үшінші орынға ие болды. Тағы бір астаналық - Луис Санчес төртінші келді.

- Жарыс өте қызу болды. Қарсыластар жан-жақтан шабуыл жасағанмен бірінші келдік. Ертең тағы бір кезең күтіп тұр, көреміз не болатынын. Мен осы команданың атын қорғап жүргеніме қуаныштымын, - деді бірінші кезең жеңімпазы Давиде Виллела.

Бірінші кезең Астана алаңында әр елден келген 19 клубтың қатысуымен басталып, осы жерде аяқталды. Қатысушылар 182 шақырымды бағындырды. Қазақстан атынан 4 команда қатысып, олардың арасында алғашқы рет алматылық Apple Team өнер көрсетті. Олар қазақстандықтардың арасында үшінші орынды иеленді.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы Рүстем Байсеитов Давиде Виллеланы құттықтап, оған көшбасшы майкасын табыстады. Ал, қазақстандық үздік велошабандоз болып Матвей Никитин (Ұлттық құрама) атанды.

Ал бүгін - 30 қыркүйек күні веложарыстын екінші кезеңі басталады. Командалар Halyk Arena көпфункционалды кешенінде сағат 11:00-де жарысты бастап, Медеуде аяқтайды. Бағыт қашықтығы 160 шақырымды құрайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер