BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақсу, Рудный және Хромтау қалаларында тұңғыш рет бір мезетте ERG Run Fest өтті

Фото: pavlodarnews.kz

Еуразиялық Топ өзінің туған қалалары – Рудный, Хромтау мен Ақсуда алғашқы жүгіру фестивалі ERG Run Fest фестивалін өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы корпоративтік коммуникациялар департаменті мәлім етті. Қатысушылар жүгірісті бір күні әрі бір сәтте қатар бастады. Өткен жексенбі күні ұйымдастырылған спорттық мерекеге жалпы саны 3 мыңнан астам адам қатысты. Оған тек ERG кәсіпорындарының қызметкерлері, шара өтетін қалалардың тұрғындары мен кез келген қонағы тегін тіркеліп, қатысу мүмкіндігіне ие болды.

«Еуразиялық Топ спортты белсенді дамыту жолында тек өз қызметкерлері арасында ғана емес, өзінің туған қалаларының тұрғындары арасында да саламатты өмір салтын кеңінен насихаттап келеді. Біз дамуға ұмтылған адамдарды ұдайы қолдаймыз. Біз ERG-дің кез келген қызметкері мен Топ кәсіпорындары орналасқан қалалардың кез келген тұрғынына спортты қолжетімді етуді мақсат еттік. Осылайша бұл жүгіру фестивалін Топтың елдегі бұқаралық спортты дамытуға бағытталған алғашқы қадамдарының бірі деуге болады», - деді Еуразиялық Топ басқарма төрағасы Серік Шахажанов.

Жүгіру фестивалі үш қалада бір мезетте басталды. Ұйымдастырушылар 3, 5 және 10 км қашықтықтардан бөлек, балалар жарысын да өткізді.

Ақсудағы «ERG Run Fest» жүгіріс жолы қаланың орталық көшелерін қиып өтті. Сол себепті Ақсу, Павлодар мен Екібастұз, тіпті Қарағанды қаласынан келген әр қатысушыны қала тұрғындары жол бойы қолдап, дем беріп отырды. Аты аңызға айналған спортшы, әлемдегі барлық шөлдерді жаяу жүгіріп өткен жалғыз адам – Марат Жыланбаев фестивальдің құрметті қонағы болды.

«Бүгін мен ауқымды спорт мерекесіне қатысқаныма қуаныштымын. Дайындықты ерте бастап, әбден ширағандықтан өз нәтижеме көңілім толды», - деді Ақсудағы фестивальге қатысу үшін Қарағандыдан арнайы келген Александр Закаленков.

ERG-дің спорт пен СӨС орталығының жетекшісі Олжас Оразбаевтың айтуынша, жүгіріс фестиваліне қатысқан әрбір азамат діттеген мақсатына жетіп, жақсы нәтижеге қол жеткізді.

Тура сол күні Ресейдің басты жүрігіс шарасы – Мәскеу марафонында Eurasian Resources GroupS&OP жетекшісі Константин Праведников 42,2 км қашықтықты жүгіріп өтті. Аталған ауқымды шарада жарыс жолына жалпы саны 30 мың адам шыққан.

ERG Run Fest-ке қатысушылар алған әсер мен толымды ақпаратты келесі хэштег арқылы таба аласыздар: #ERGRunFest.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер