BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Серкебаев «Песни на ТНТ» жобасына қатысушы Назимаға табыс тілейтінін айтты

Фото: Бауыржан Жуасбаев

«А-студио» тобының солисі Байғали Серкебаев Voice of Astana халыақаралық конкурсы туралы өткен баспасөз мәслихатында «Песни на ТНТ» жобасы арқылы көрермен көзайымына айналған қазақстандық Назимаға сәттілік тілейтінін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ринатпен бірге «Жұлдыздар фабрикасы» қатысушыларын іріктедік. Сол кезде 600-ге жуық адам қатысты. Атыраудан, Шымкенттен және басқа да қалалардан қатысушылар болды. Сол кезде мен Назиманы көрдім. Ринатқа (Ринат Гайсин – авт.) қандай сүйкімді қыз, қане, қалай айтатынын тыңдап көрейік дедім. Ол өте талантты қыз, жақсы орындайды, дауысы жақсы. «Жұлдыздар фабрикасында» жақсы өнер көрсетті, финалға дейін жетті. Сол жобаның ең жарқын қатысушыларының бірі болды. Оның тағдыры қалай боларын білмеймін, құдайға шүкір, ол жақсы продюсердің қолына түсті. Оған үлкен табыстар тілеймін. Ол өте талантты және ол үшін өзінде бәрі бар», - деді Байғали Серкебаев.

Естеріңізге сал кетейік, Тиматимен ән шырқаған Nazима «Песни на ТНТ» шоуының финалына өткен болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер