BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ерке Есмахан Астанадағы Open Air туралы: Ресейлік әншілердің ерекше ештеңесі жоқ

Бүгін Астанада Қазақ елі монументі жанындағы алаңда қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың қатысуымен өтіп жатқан Open Air шоуында әнші Ерке Есмахан журналистер сауалына жауап берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгінгі концерттің ерекшелігіне келер болсақ, ресейлік әншілердің ерекше байқалып тұрған ештеңесі де жоқ. Бүгін күн жақсы, ауа райы жақсы. Астанада ұйымдастырылатын Open Air концерттері өте жоғары дәрежеде өтеді. Әрқашан да қолдап, қалмай келіп жүремін», - деді ол.

Сондай-ақ әнші сұлулығының құпиясымен бөлісті. Оның айтуынша, сұлулық ешқандай келбетке байланысты емес.

«Адамның жаны сұлу болса, оның көзінен көрініп тұрады. Біреу сыртынан әдемі болуы мүмкін, бір-екі сөйлескеннен кейін қандай екенін көруге болады. Ал жас боп көріну үшін ештеңе істемеймін, өйткені мен өзім жаспын», - деп жауап берді әнші журналистердің сауалына.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер