BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Димаштың концерті Қазақстанда қашан өтеді?

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі әнші Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті жақын уақытта Алматы не Астана қалаларында өтуі мүмкін. Бұл туралы әншінің әкесі Қанат Айтбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен өткен кездесуде айтты.

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш Құдайбергеновпен және Қанат Айтбаевпен кездесіп, Лондонда өтетін концертке дайындық барысымен бөлісті. Журналистердің бірі Димаштың концерті Қазақстанда қашан өтетінін сұрады.

«Концерттерді өткізуге министрлік тарапынан көптеген қолдау көрсетіліп жатқанын сезіп отырған боларсыздар. Халық «жаяудың шаны, жалғыздың үні шықпайды» деп бекер айтпаған. Ел болып көтерген жүк – жеңіл. Елімізде қаншама жанкүйер бар, тыңдарман бар, басшылық бар, жақсы дүниелерді жүзеге асыруға қолдау көрсетіп жатыр. Амандық болса алдағы уақытта Алматы қаласында не Астана қаласында концерт өткізсек деген ойымыз бар. Мұның барлығы жүзеге асатын болады», - деді әншінің әкесі Қанат Айтбаев.

Еске сала кетсек, Лондонда 19 қараша күні Димаш Құдайбергеновтің жеке концерті өтеді. Министрдің айтуынша, билеттердің бәрі сатылып кеткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер