BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Димаш Құдайберген қалыңдықпен түскен фото жариялады

Фото: интернеттен

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қалыңдық көйлегін киген қызбен түскен фотосын Іnstagram әлеуметтік желісіне жүктеді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Фото жүктелгеннен кейін бірнеше сағат ішінде он мыңдаған лайк жинап, қызу талқыға түсті.

Біреулер оны құттықтап жазса, екінші бір оқырмандар таң қалғанын жасырмады.

Алайда әншінің өзі фотоның астына "Қайырлы түн" деген жазу қалдырған.

Кадрда белгісіз қыз қалыңдық көйлегін киіп, әншіге қарап тұр. Қолында гүл шоғы бар.

Димаш Құдайберген фотоны шамамен 8 сағат бұрын жүктеді. Ал қазір 48 мыңға жуық лайк жинап үлгерді.

Бұған дейін қазақстандық әнші өз аккаунтында алдағы бейнебаянының тизерін жариялаған болатын. Онда да Димаш күйеу жігіт рөлінде көрінген.

Good night

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 20:48
Құны түскен атақ
Пікірлер