BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«AstanaDausy-2018» фестиваліне әлемнің 12 елінен әншілер келеді

«AstanaDausy-2018» екінші жылсайынғы музыкалық шарасының өтуіне бір аптадан аз уақыт қалды. 29 тамызда «Барыс Арена» мұзайдын сарайының сахнасында Азия, Еуропа және Американың 12 мемлекетінің артистері барша әлем тыңдармандарының жүрегін жаулаған хиттерін орындайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, NinetyOne тобы, Григорий Лепс, Loreen, ALEKSEEV, Ани Лорак, Филипп Киркоров, Согдиана, Сосо Павлиашвили және басқалары. Кеш жүргізушілері – Ләйлә Сұлтанқызы және Андрей Разыграев.

Өткен жылы аталмыш шара елордада алғаш рет өткізіліп, күшті әсер қалдырған. Бейбітшілік пен келісім сарайында Қайрат Нұртас, Бьянка, Oceana, Arash, Григорий Лепс сынды үздік артистер қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлаған болатын. Әншілер қазақстандық көрермендердің қонақжайлылығы мен ықыласын ерекше атап өтіп, жылы қарсы алғандары үшін алғыстарын білдірді.

Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Давлетьяров фестивальге қуана қатысқанын және жақсы әсер алғанын айтқан еді.

- Мұндай фестиваль Ресейде де болған емес, ұйымдастырушыларға, қала әкімдігіне осындай мереке сыйлағандары үшін алғыс айтамын. Жүрегімді шаттық кернеп тұр… Жылы шырай танытқан барша қазақстандықтарға рахмет, - деді шарадан кейін Арман Давлетьяров.

«Фестивальдің жыл сайын өткізілуін тілеймін», - деді Светлана Лобода. Айтқаны келді! Биыл да ұйымдастырушылар қызыққа толы керемет кеш сыйламақ.Айта кетейік, «Astana Dausy-2018» Астана қаласы әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасының күшімен ұйымдастырылады.

Фестивальдің қоюшы-режиссері ретінде Киевтен «FCHF-group» командасы шақырылды. Музыкалық шараның басты ұраны – «Астана дауысы – шексіз!».

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, артистер сахнада өнер көрсеткенде лазерлік шоудың инсталляциялары мен элементтерінде Қазақстанның символдары мен ұлттық белгілері қолданылады. Мысалы, басты экран ұлттық бас киімнің, ал едендегі дөңгелек экран Астананың белгісінің элементтерінің бірінің формасында жасалады. Әрбір қойылым ерекше болады, дейді ұйымдастырушылар.

Еске салайық, фестивальге қатысатын артистерге көрермендердің шексіз сүйіспеншілігінің және оның шығармашылығын жоғары бағалаудың белгісі ретінде мүсіншелер табысталады. Музыкалық кеш 29 тамызда сағат 19.00-де өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер