BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ән айтып тұрған Джеки Чанға Димаш тосынсый жасады (ФОТО/ВИДЕО)

Фото: Абзал Қалиев

Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі барысында Елордада Қытай киносының апталығы басталды. Осы айтулы шараға әлемдік киножұлдыз – Джеки Чан қатысты. Осы кезде танымал әнші Димаш Құдайберген Джеки Чанға тосынсый жасады, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

«Қазмедиа» орталығында өткен кинофестивальдің ашылу салтанаты кезінде Джеки Чан «Отан» әнін орындады.

Сахнада әнін орындап бола берген Джеки Чан сахна сыртынан күтпеген жерден шыға келген Димаш Құдайбергеновті көргенде қуанышын жасыра алмай қалды.

Димаш ән орындап біткенше сахнада күтіп тұрған Джеки Чанның Димашқа деген құрметіне халық сүйсінді.

Естеріңізде болса, ол бүгін Астанада өткен кездесу барысында БАҚ өкілдерінің көмекке мұқтаж жандар жайлы жиі жазуын қалайтынын айтқан болатын. Одан бөлек, Джеки Чан өзінің Қазақстан жайлы арманын да айтты. Сонымен қатар Қазақстандағы Қытай кинофестивалінің ашылу салтанаты барысында ҚР АШМ Дәурен Абаев құттықтаған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер