BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әміре «Славян базарынан» қанша ақша тапты

Фото: ашық дереккөзден

Беларусь елінде өткен «Славян базары» байқауында 1-орынмен елге оралған әнші Әміре 15 мың АҚШ доллары көлемінде табысқа ие болды. Бұл туралы оның музыкалық продюсері Жан Мұқанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біз 15 мың АҚШ долларын таптық. Мұнымен мақтануға болатын шығар. Екі-үш күн болды жуып жүрміз. Иә, бұл 1-орынға беларусь ақшасымен берді», - деді Жан Мұқанов.

Еске сала кетсек, Әміре Беларусь елінің Витебск қаласында өткен «Славян базары» байқауынан 1-орынмен оралды. Оның ұпайы румыниялық әншімен бірдей болғанымен қазылар алқасы бас жүлдені қазақстандық әншіге бермеді.

Ал продюсері Жан Мұқанов әншінің Төреғали секілді той әншісі болмайтынын айтып, уәде етті.

Оның айтуынша, Әміре финалда киіп шыққан құны 1,5 миллион теңгелік костюмін қазылардың біріне сыйға берген.

Сондай-ақ, әнші өзін Димашпен салыстырып, «оған жетпейсің» деп жамандайтындарды түсінбейтінін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер