BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әміре 1,5 млн теңге тұратын костюмін Польша әншісіне сыйлады

Фото: ашық дереккөзден

Беларусь елінде өткен «Славян базары» байқауында 1-орын алған Әміре финалда киіп шыққан құны 1,5 миллион теңгелік костюмін қазылардың біріне сыйға берген, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Соңғы күні Әміреге өте ерекше образды таңдадық. Жабылу салтанатында қолдан тігілген сәнді костюмді киді. Бәрі оның жанына келіп түрткіледі, суретке түсті, костюмін ұстап көрді. Соңында біз оны Қазақстанға әкелген жоқпыз», - деді Мұқанов.

Продюсер Әміренің костюмі неліктен елге жетпей қалғанын айтты.

«Қазылар құрамында Польшадан келген жігіт болды. Ол 2000-жылдары Гран-при алған екен. Біз оны алғаш рет көрсекте Еуропада өте атақты артист. Меніңше, Кечмарик. Ол бізге келіп «костюмді маған сатыңызшы» деп өтінді. Байқау аяқталған соң бізде кішігірім келеңсіз жағдайға тап болдық. Қазақстаннан келген әріптесіміздің бірі оны тілімен шағып алып, ренжітіп алыпты. Әміреге польшалық жігітті ренжітіп алғанымызы айттым. Сосын Әміре костюмді сыйлай салайық деді. Мен оған костюмнің қымбат тұратынын айттым. Біз жігітке барып костюмді сыйлаған сәтте ол жылауға шақ қалды. Осылайша жартылай гусар стилінде тігілген костюм Польшаға кетті», - деді продюсер.

Оның айтуынша, костюмнің бағасы – 1,5 млн теңге шамасында. Оны ел біле бермейтін отандық дизайнерлер 2 айға жуық уақытта қолмен тігіп шыққан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер