BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Заманауи Қазақстан әлемдік экономикаға интеграцияланған – Қайрат Әбдірахманов

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясына қатысу мақсатындағы Нью-Йоркке сапары аясында америкалық іскерлік топ өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараны Халықаралық өзара түсіністік жөніндегі іскерлік кеңес (Business Council for International Understanding, BCIU), сондай-ақ бірлескен сауда-экономикалық және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі америкалық компаниялар ұйымдастырды.

«Заманауи Қазақстан әлемдік экономикаға интеграцияланған. 2015 жылдан бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше бола отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына қосылуға ұмтыламыз. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық экономиканы цифрландыру мен технологиялық қайта жабдықтауға басты назар аудара отырып, ұлттық экономиканың үшінші жаңғырту бағдарламасын іске қосты», - деді өз сөзінде Қ. Әбдірахманов.

Оның айтуынша, Қазақстан мен АҚШ азаматтық авиация саласында тікелей әуе қатынасын құру туралы келісімге қол қоюды жоспарлауда.

«Қазақстан мен АҚШ биылғы жылдың қаңтар айында Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп қол жеткізген уағдаластықтардың нәтижесінде стратегиялық әріптестік рухында сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайтуда. Мемлекет басшылары сауда мен инвестицияның артуына мүмкіндік беретін, екі елде жұмыс орындары мен мүмкіндіктерді құратын әділ және өзара тиімді экономикалық әріптестікті ілгерілетуге жәрдемдесу туралы уағдаласты», - деді СІМ басшысы.

2017 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 1,88 млрд. долларды құрады. Америка Құрама Штаттары 42 млрд. доллар жалпы инвестиция көлемімен дәстүрлі түрде Қазақстандағы ең ірі инвестор болып табылады. Былтырғы жылы АҚШ компаниялары Қазақстан экономикасына 3,7 млрд. доллардан астам инвестиция салды. Қазіргі уақытта Қазақстанда 500-ден астам АҚШ компаниялары жұмыс істейді, олардың алтауы Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері болып табылады (CITI Group, JP Morgan and Co., Chevron, Exxon Mobil, GE Oil & Gas, Baker & McKenzie Int.). Сыртқы істер министрінің айтуынша, қазіргі кезеңде денсаулық сақтау, машина жасау, құрылыс, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі және басқа да салаларда америкалық тәжірибе сұранысқа ие.

Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов мүдделі компанияларды 2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада өтетін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясының қабылдануының 40 жылдығына арналған жаһандық конференцияға қатысуға шақырды.

Қазақстан Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой кездесуде Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы америкалық компаниялармен бірлескен жобалар туралы, сондай-ақ ынтымақтастықты кеңейтудің алдағы жоспарлары туралы хабарлады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер