BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.9 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.74 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Қазақстан мен Қырғызстан сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

Астана, BAQ.KZ. 2018 жылғы 28 желтоқсан - Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары екіжақты байланыстардың жай-күйін және саяси, сауда-экономикалық салаларда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің келешегін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Әңгіме барысында Қырғызстан Сыртқы істер министрі Б. Атамқұловты жаңа лауазымға тағайындалуымен жылы құттықтап, оны Бішкек қаласына сапармен келіп кетуге шақырды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер