BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Асқар Мамин БАӘ-інде келіссөздер жүргізді

Астана, BAQ.KZ. Әбу-Дабиде Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің Премьер-Министрдің Орынбасары, БАӘ Президентінің істері жөніндегі Министр шейх Масур бен Заид әл Нахаянмен келіссөздері өтті.

Бұл сапар Әбу-Дабидің Мұрагер ханзадасы, БАӘ Жоғарғы Бас Қорғаныс күштерінің Орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянның Астанаға сапары және оның Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен а.ж. 4 шілдесінде жасаған келіссөздері аясында қол жеткізілген келісімдердің орындалуы аясында өтті.

Келіссөздердің басты тақырыбы экономиканың түрлі салаларында инвестициялық ынтымақтастық мәселелерінің ауқымын қамту болды. Энергетика саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуеті аталып өтті.

Borealis (Mubadala) компаниясымен бірлесіп іске асырылып жатқан полиэтилен өндіру жобасы бойынша бірлескен жобалық компания құрылған, ТЭН әзірлеу жүргізіліп жатыр. Жобаны шикізатпен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілген. Жобаның шамаланған қуаттылығы 1250 мың тонна полиэтилен, құны $6,5 млрд.

Сонымен қатар араб тарапы құрылыс Атырау облысында жүргізіліп жатқан полипропилен өндірісі бойынша жобаға кіруге қызығушылығын нақтылады. Жобаның шамаланған қуаттылығы 500 мың тонна полипропилен, құны $2,6 млрд.

Тараптар сонымен қатар энергетика саласындағы бірқатар перспективалы бірлескен жобаларды талқылады.

Тараптар «Байқоңыр» ғарыш айлағы базасында аэроғарыш саласындағы ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті, №1 «Гагаринский старт» старттық кешенін жаңғырту бойынша инвестициялық жоба мен «Союз-2» типті зымыран-тасығыштардағы ғарыш аппараттарын жіберу талқыланды. Тұрақты консультациялар өткізетін үш жақты жұмыс тобы құрылды (ҚР, БАӘ, РФ). Ғарыш аппараттарын ұшыру бойынша қызметтер нарығын бағалау аяқталды. Жоба бойынша шешім 2019 жылдың бірінші тоқсанында қабылданады.

Көлік-логистикалық салада ынтымақтастық дамып келеді. Қазақстанда Mubadala (БАӘ) инвестициялық қорымен бірге «Қорғас-Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының аумағында заманауи А-класстық қойма ғимаратын салу жобасы жалғасуда. Әрқайсысы 14 000 м2 болатын екі қойма 2019 жылдың қаңтарында қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр.

БАӘ теміржол жүйесін дамытудың бірлескен жобалары талқыланды. Темір жол инфрақұрылымының даму нысандарының ұзындығы 604 км құрайды. Қазақстандық компаниялар тендерлік рәсімдерге белсене қатысады және жобаны жүзеге асыру алдындағы біліктілігін растады. Жобаның бірінші кезеңіне қатысу туралы шешім 2019 жылдың I тоқсанында қабылданады.

Сонымен қатар, экономиканың басқа салаларындағы ынтымақтастық жобалары да талқыланды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер