BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әбдірахманов Германия Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненмен кездесті

Бүгін Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінде, Парламент Мәжілісінде және Сыртқы істер министрлігінде келіссөздер жүргізу үшін Қазақстанға келген Германия Сыртқы істер мемлекеттік министрі Нильс Анненмен кездесті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Германияның Мемлекеттік министрі Нильс Аннен Қазақстанды Германияның Орталық Азиядағы сыртқы саяси және экономикалық белсенділіктің басым бағыты ретінде қарастыратындығын айтып, Германияны 2019-2020 жылдарға арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдағандығы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Қайрат Әбдірахманов Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынастардың дамудың тұрақты динамикасымен сипатталатындығын және Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы серіктестік қарым-қатынастарды қалыптастыруда Берлиннің маңызды рөлін атап өтті.

Келіссөздер барысында біздің елдеріміз арасында өзара қарым-қатынастардың барлық ауқымында қол жеткізілген ынтымақтастықтың стратегиялық сипаты анықталды. Бұл тұрғыда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Германия Федеративтік Республикасының Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер және Канцлері Ангела Меркель арасындағы жоғары деңгейде тұрақты байланыстар ерекше маңыздылыққа ие.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын жеке талқылап, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымының тұрақты өсуін қанағаттанарлықпен атап өтті. Жалпы, 2017 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 4,9 млрд. АҚШ долларға жетті.

Инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуде елеулі әлеуеттің бар екендігі атап өтілді. 2017 жылы Қазақстан экономикасына Германияның тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 345 млн. АҚШ доллардан асты. Жалпы, 2005 жылғы қаңтардан 2018 жылдың қаңтарына дейін Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 4,2 млрд. АҚШ доллардан асты.

Қазақстан экономикасына неміс инвестициялардың 90 пайыздан астамы «шикізаттық емес» салаға, атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, көлік және агроөнеркәсіп кешеніне жатады.

Ынтымақтастықтың қолданыстағы және жаңа институттары арқылы екіжақты байланыстардың даму қарқынының өсуіне қолдау көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер