BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түркияда шығатын журналда «Халифа Алтай» мешіті туралы жазылды

Түркияда қазақ және түрік тілдерінде шығатын «Қазақ елі» атты журналға Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті туралы таныстыру мақала шықты, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Материалда облыстық мешіттің салыну тарихымен қатар жасалып жатқан шаралар туралы оқырмандарға кеңінен мағлұмат берілген.

Әсіресе қайырымдылық және рухани бағыттағы атқарылған жұмыстар молынан қамтылған.

Журнал мол таралыммен бірнеше Еурпа мемлекеттеріндегі қазақ оқырмандарына тарайды.

«Шетелдік басылымда біздің мешітіміз туралы жазылғаны зор мәртебе. Бұл еліміздегі мешіттердің қызметін насихаттау, асыл дінімізді таныту болып табылады. Тура жол-Исламның мерейі әркез үстем бола берсін», - дейді, осы мешіттің наиб имамы Дәулет Қабидолдин.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер