BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ресейлік имамдар қазақ тілін меңгеру үшін Қазақстанға келді

Ресейдің Саратов облысынан 4 имам қазақ тілін үйрену ниетімен Алматы қаласында 1 ай мерзімде білім алды. Имамдардың бірі тәжік, қалған үшеуі қазақ ұлтынан екен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз қызмет ететін аймақтың үштен бір бөлігі қазақтар. Оларға дін үйретудің ең тиімді жолы - олардың өз тілінде сөйлеп, ана тілі арқылы дінді түсіндіру»,- деп мақсаттарын түсіндірді олар.

Өз кезегінде Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек Ауесханұлы дін мен дәстүр жанашыры Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан елімізге ізгі мақсатпен келген имамдарға ҚМДБ имамдарының ресми шапанын жапты.

«Алдағы уақытта білім алуға келетін Ресейлік қандастарымызды құшақ жайып қарсы алуға дайынбыз. Діни оқу орындарында да білім алуға жол ашылады деген ойдамын»,-деп ыстық лебізін білдірді Нұрбек қажы Ауесханұлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер