BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Омбыдан Кенесары хан туралы 40 құнды құжат елге қайтарылды

Омбыдан Кенесары хан туралы 40 құнды құжат елге қайтарылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің бас қаласы Астанада Кенесары хан жайлы тың деректерден құралған арнайы көрме өз жұмысын бастады.

Онда көпшілік назарына Кенесары хан, сондай-ақ Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным ханым туралы бұрын кездеспеген құжаттар ұсынылды. Омбы облысы Тарихи архивіндегі Азаматтық соғысты зерттеу орталығының жетекшісі Галина Бородинаның айтуынша, қазақ халқының тарихы үшін маңызды құжаттарды зерттеушілер алғаш рет көпшілік назарына ұсынған. Қазақ тарихында елеулі орны бар тұлғаларға қатысты ең қызық деректерді іріктеп әкелдік.

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, көрмеден XIX ғасырға тиесілі Ақмола облысының картасы мен өзге де құнды мәліметтерді көруге болады.

10-15 беттен тұратын 40 шақты құжатта Ақмола мен Омбы облыстарының барлық тарихын қамтитын деректері Астана қаласының мемлекеттік мұрағатына тапсырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер