BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Мен қазақпын" мегажобасы Ұлттық арнадан көрсетіле бастайды

2017 жылдың 7 тамызынан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Мен қазақпын» халықаралық мегажобасының күнделіктері басталады, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

«Бұл жобаның мақсаты – Республикамыздың және басқа елдер өмір сүріп жатқан қандастарымыздың дәстүрлі әнші-термеші, күйшілері Ұлттық арнада бас қосып, еліміздің таңдаулы туындыларын дәріптеу арқылы, атадан-балаға мирас болып қалған төл өнеріміз күй, жыр-термені заманға сай жаңашаландырып, болашақ ұрпаққа кеңінен таныту» - дейді ұйымдастырушылар.

Ауқымды жобаға еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан үміткерлер қатысты. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы, Қытай Халық республикасы, Монғолия мен Таулы Алтайда тұратын қандастарымыз да өз бақтарын сынап көрген еді.

Сонымен, барлығы 675 өнерпаз бақ сынасып, іріктеу турларынан ең үздік деп танылған 57 үміткер Ұлттық арнадан көрсетлетін телевизиялық байқауға жолдама алды.

«Мен қазақпын» халықаралық жобасының күнделіктерін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан тамыздың 7-нен бастап сағат 21:20-да көре аласыздар!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер