BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстан Ватиканнан жолдау алды

Дінаралық сұхбат бойынша папа кеңесі Рамазан айы мен Ораза айт мерекесіне орай әлемнің барлық мұсылмандарына жолдау арнады, деп хабарлайды Baq.kz.

Дінаралық сұхбат бойынша папа кеңесінің төрағасы кардинал Жан-Луи Торан қол қойған хат Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне берілді.

Хатта мұсылмандар үшін осынау маңызды уақытта тілекші екендіктерін білдіре отырып, амандық, бейбітшілік пен қуаныш тілейді.

Биылғы жылы жолдау Папа Францисктің бүкіл адамзатқа арнаған «Laudato Si’. Ортақ үйімізді қорғау» энцикликасы негізінде жазылған.

Католик шіркеуінің басшысы өз жолдауында біздің қоршаған ортаға келтіріп отырған зиянымызға назар аудартады. Кейбір философиялық, діни және мәдени тенденциялар адамзат пен табиғаттың қарым-қатынасына қауіп төніп тұрғанын көрсетеді. Біздің әлем –барша адамзат үшін «ортақ үйіміз», деп көрсетілген құжатта.

Сондықтан, «ешбір адам, ұлт немесе халық өзінің ғалам туралы өзіндік түсінігін таңа алмайды».

Міне, сондықтан, Папа Франциск «ғаламның болашағын қалай құрайтынымыз бойынша әлемдік сұхбатты қайта жандандыруға» шақырды. «Өйткені, бүгін біз бетпе-бет келіп отырған қоршаған ортаның проблемалары, оның тамыры бізге қатысты».

Рим папасының айтуынша, «экологиялық дағдарыс терең ішкі үндеуге шақырады»: бұл мәселені дұрыс шешу үшін білім, рухани ашықтық және «ғаламдық экологиялық үндеу» қажет. Діндарлар үшін Құдаймен қатынасы оның қоршаған ортаға деген қатынасынан көрінуі тиіс.

«Ораза айында бейбітшілік пен мейірімділік жолындағы тілеген тілектеріңіз бен қайырымды істеріңіз қабыл болсын», - деп тілек білдіреді жолдау соңында Дінаралық сұхбат бойынша папа кеңесі.

Биылғы жолдау мерейтойлық саналады, осыдан 50 жыл бұрын Рим папасы жаңадан құрылған Дінаралық сұхбат бойынша папа кеңесі арқылы алғаш рет мұсылмандарды діни мерекесімен құттықтады.

Ватиканда Рамазан айының аяқталуына орай мұсылмандарға жолдау жіберу тәжірибесі жыл сайын дәстүрге айналған. Жолдау әлемнің барлық еліндегі жергілікті католик қауымдастығы, папа өкілдіктері арқылы таратылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер