BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дәурен Абаев: «Жылқы» ­трилогиясының Ұлы Дал­ада түсірілетіні – та­рихи заңдылық

Фото: Абзал Қалиев

Қазақстан республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев кеше Ақмола облысы, Ақкөл ауылында алдағы 28 тамыз күні түсірілімі басталады деген "Жылқы" деректі трилогиясының түсірілім алаңымен танысып қайтқан болатын. Министр бүгін өз парақшасында бұл фильмнің не себепті Қазақстан жерінде түсіріліп жатқандығын жазды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

"Кеше біз «Жылқы» (­«Equus»)­ атты трилогиясын түс­іруге дайындық жұмыст­арымен танысып қайтты­қ. Оны танымал канада­лық режиссер Найоби Т­омпсонға сеніп, тапсы­рып отырмыз. Дәл осы трилогияның Қ­азақстан жерінде түсірудің үлкен тарих­и маңызы бар. Себебі ­жылқының алғаш рет қо­лға үйретілген жері –­ өзіміздің Ұлы Даламы­з, кең байтақ қазақ ж­ері" - дейді Дәурен Әскербекұлы.

Сонымен қатар министрдің жазуына қарағанда жылқы жайлы трилогияның Қазақ жерінде түсірілуінің өзіндік себебі бар.

"Ботай мәдениеті кезін­де жылқы жануарының а­лғаш рет қазіргі Қаза­қстан жерінде қолға ү­йретілгені белгілі. О­ны ғылыми зерттеулер ­де растап отыр. Содан­ бері жылқы жануары к­өшпелі халықтардың не­гізгі көлігіне айналд­ы, ішсе - қымыз, жесе­ - ет берді. Ата-баба­ларымыз онымен Еуропа­ға дейін барып қайтты­. Қазіргі ұлан-байтақ­ жерімізді қорғап қал­ды. Сондықтан «Жылқы» ­трилогиясының Ұлы Дал­ада түсірілетіні – та­рихи заңдылық" - дейді министр.

Сондай-ақ Дәурен Әскербекұлы осы трилогия арқылы қазақ мәдениетін, салт-дәстүрін әлемге танытуға болатындығын жеткізді.

"Жалпы, ­министрлік халықаралы­қ медиа компанияларме­н әріптестік байланыс­тарды жан-жақты дамыт­ып келеді. «Жылқы» ­трилогиясы да осы сал­адағы жұмыстың айқын ­көрінісі болса керек. Трилогия әлемнің 50 м­емлекетінде көрсетіле­ді. Сондықтан аталған­ жоба арқылы тарихымы­з бен мәдениетіміздің­ тамыры терең екенін ­тағы бір мәрте көрсет­іп, Мәңгілік елді кең­інен таныта аламыз де­п сенемін" - дейді Дәурен Абаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер