BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Биыл 410 астаналық қажылыққа аттанады

Биыл 410 астаналық Алла алдындағы бес парызының бірі – қажылығын өтеуге аттанады. Бүгінде оларға «Әлжан ана» мешітінде арнайы дайындық курсы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

-Биыл 410 астаналық 23 тамыз күні Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан тікелей Астана-Джидда бағытында ұшады. Тамыз айының 15-18 аралығында «Әлжан» ана мешітінде қажыларымызды алдын ала дайындау мақсатында арнайы курс ұйымдастырылып жатыр. Онда қажылық парызын өтеген имамдар ұлы сапарға аттанғалы отырған азаматтарға дәріс беріп, толық мағлұмат беретін болады, - деді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, осы жылы Қазақстан бойынша 2500 адам қажылыққа аттанады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер