BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өз тарихын өзі жазбаған елде болашақ болмайды – Зейнолла Самашұлы

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ. Астанадағы Ұлттық музейде «Аңызға айналған тұлғалар» танымбық жобасы басталды. Бұл жобаның мақсаты – еліміздің дамуына елеулі үлес қосып жүрген танымал тұлғалармен кездесіп, еркін форматта сұхбат құру. Сол арқылы өскелең ұрпаққа алдыңғы буынның еңбегін таныстыру.

Бүгін аталған жобаға алғашқы қонақ болып белгілі археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, жалпы ұлттық тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері Зейнолла Самашұлы келді.

Самашұлының Отанық археологияға ғылымына қосқан айрықша үлесі ретінде – Қазақ Алтайындағы тоң басқан Берел обаларын ашуы мен зерттеуін ерекше айтуға болады.

Зейнолла Самашұлының айтуынша барша әлемге тараған мәдениет пен өркениеттің ошағы Орта Азиядан, оның ішінде қазіргі қазақ даласынан тараған деп айтуға негіз бар. Себебі, қазіргі табылып жатқан жәдігерлер осыны айғақтайды.

«Өз тарихын өзі жазбаған елде болашақ болмайды. Біздің тарихымызды бізден артық ешкім білмейді. Мен шет елдік мамандармен біраз жұмыс жасадым. Олармен жұмыс жасау барысында артықшылықтар да кемшіліктер де бар. Кемшілігі әлгінде айтқандай олар біздің тарихты бізден артық білмейтіндігі. Соның салдарынын бір жерден болмаса бір жерінен қате тұжырым шығаруы мүмкін. Ал жақсы жағы, олардың техникалары, зертханалары. Біз осы мүмкіндікті тиімді пайдалануымыз керек», - дейді археолог.

Архиологтың ғылыми ізденістерінің негізгі бағыты Орталық Азия жерін мекендеген халықтардың ежелгі және ортағасырлық тарихын, мәдениеті мен өнерін зерттеуге бағыттаған жан. Ол Қазақстанның әр өңірлерінде шоғырланған, тас дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгі аралықтағы жартас бетіндегі суреттердің жүздеген жәдігерлерін ашып зерттеді.

Кездесуге жоғары оқу орындарының тарих факултетінде оқитын студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Еркін форматта өткен сұхбат барысында қонақ өзінің өскен ортасы мен өмір жолы туралы айтып, жастар өзін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Фото-Видео: Нұржас ЖАҚСЫБАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер