BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазконтент» төрағасы: Биыл «100 жаңа есім» жобасында 20 жеңімпаз ғана болады

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Биыл өтетін «Қазақстандағы 100 есім» жобасында 100 емес, 20 үміткер ғана жеңімпаз болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова мен «Қазконтент» АҚ төрағасы Думан Қожахметов қатысты.

2017 жылы 1 желтоқсан күні қазақстандықтарға «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жоба жеңімпаздарыны есімдері – аса көрнекті жетістіктері мен табыстары бар 102 тұлға жарияланған.

«Бүгінгі күні жоба жеңімпаздары әртүрлі қызмет саласында жаңа жетістіктерге жетіп, идеялар мен жобаларды дамытып, заманауи және бәсекеге қабілетті қазақстандықтардың жаңа моделін көрсетіп келеді. Мысалы, 20 жастағы данышпан Тимур Ырысбеков 21 қазан күні Америкада NASA ұйымдастырған байқауға қатысып, бірінші орын алды. Ол физика, математика, информатика саласындағы 30-дан астам потенттің иесі. Ол Марсқа ұшыру арқылы фото және видеоматериалдар алуға болатын роботтың прототипін жасады. NASA сарапшылары оның еңбегін жоғары бағалап, жұмысқа шақырды, алайда Тимур өз еліне қызмет еткісі келетінін айтып, ұсыныстан бас тартты», - дейді Нұргүл Мауберлинова.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова

Брифинг барысында «Қазконтент» АҚ төрағасы Думан Қожахметов биыл «100 жаңа есім» жобасы екінші рет өтіп отырғанын, бүгіннен бастап дауыс беру кезеңі басталғанын айтты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «100 жаңа есім жобасы» тәуелсіздік жылдары табысқа жеткен еліміздің әр өңірінде тұратын сан алуан этнос өкілдерінің тарихына, олардың жетістіктеріне назар аударуды ұсынды. Бұл жобаны жасауға бірнеше себеп негіз болды. Бірінші себеп – ақылы, еңбегі, дарынымен еліміздің абыройын асқақтатып жатқан адамдарды қоғамға таныту. Екінші себеп – олардың тағдырлары негізінде бүгінгі Қазақстанның келбетін көрсету. Үшінші себеп – үлгілі азаматтардың өмірбаяндары арқылы өз тағдырларына өздері иелік ететін жастарды тәрбиелеу», - деді ол.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта жобаға қатысты қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қазконтент» АҚ төрағасы Думан Қожахметов

«Бірінші кезеңде 2000-нан астам өтінім келіп түсті, оның жартысы жоба талаптарына сай келді. Олардың анкеталары сайтқа орналастырылды. Екінші кезеңде сараптау комиссиясы үміткерлерді жан-жақты қарады. Іріктелген 200 адам жобаның онлайн дауыс беру кезеңіне қатысады. Олар спорт, ғылым, бизнес, медицина, қоғам және мәдениет категориялары бойынша бөлінді. Дауыс беру кезеңі бүгіннен бастап 15 қарашаға дейін созылады. Биыл бұл жобада 100 емес, шамамен 20 жеңімпаз ғана болады, яғни санға емес, сапасына ерекше назар аударылады. 100esim.el.kz сайтына тіркелу арқылы дауыс беріледі. Бір адам бір категория бойынша үш адамға, яғни бір электронды пошта арқылы 18 қатысушыға дауыс беру мүмкіндігіне ие», - дейді ол.

Фотолар: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер