BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағанды облысының тұрғындары латын әрпімен жалпыұлттық диктант жазады

Фото: karaganda-region.gov.kz

Жалпыұлттық латын әрпімен жазылатын онлайн-диктант 14 қарашада Қазақстанның барлық қалаларында бір мезгілде өтуде. Ол 11 сағат 30 минут жалғасады. Оған 15 жастан жоғары кез-келген ниет білдірушілер қатыса алады.

Облыстық Тілдерді дамыту басқармасында диктантқа 120 000 астам Қарағанды облысының тұрғындары қатысады деп болжап отыр. Олардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер, ХҚКО, банктердің мамандары, медициналық және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ЖОО және колледж студенттері мен ұстаздары, жоғарғы сынып оқушылары, балабақша тәрбиешілері, кәсіпкерлер, барлық облыстық Басқармалардың мамандары, қалалық және аудандық әкімдіктердің, Ішкі істер департаменттерінің қызметкерлері, этомәдени бірлестіктердің өкілдері, әскери қызметкерлер бар.

Диктант басталмастан 15 минут бұрын тыңдармандар латын графикасындағы қазақ әліпбесімен танысып, арнайы жазба қағаздарын алады.

Қатысушылар жазуы тиіс мәтін шара басталар алдында, конверттер ашылғанда ғана белгілі болады.

Диктантты өз бетінше жазғысы келгендер белгіленген уақытта emle.kz, tilalemi.kz сайттарына кіріп, басты бетте келтірілген сілтеме бойынша аудиофайлды тыңдай алады. Сонан соң дайын жұмыстарын суретке түсіріп, немесе сканерден өткізіп, tilalemi.kz@gmail.com жіберулері тиіс.

Диктант аяқталған соң бес күн аралығында tilalemi.kz сайтында дұрыс нұсқа және бағалау өлшемшарттары жарияланады. Әр пайдаланушы өз жұмысын үлгімен салыстырып, бағалай алады.

Диктант 2018 жылдың 19 қарашасындағы ҚР Президентінің Қаулысына және ҚР Премьер-Министрі өкімімен бекітілген «2025 жылға дейін қазақ тілінің латын графикасына кезеңмен көшіру бойынша шаралар жоспарына» сай өткізілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер