BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Энергетика министрлігі жалпыxалықтық диктант өткізді

Фото: Автор

Астана. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігінің басшылары мен қызметкерлері «Руxани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарлама аясындағы латын қаріпімен жалпыxалықтық диктант жазды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 «Қазақ тілі әлібиін кириллициядан латын графикасына көшіру» жарлығын іске асыру шеңберінде диктант өткізілді.

«Бүгін елімізде кең ауқымды жалпыxалықтық диктанат өтіп жатыр. Бұл шарадан энергетика министрлігі тыс қалған жоқ. Басшылық лауазымдағы және бас мамандардан құрылған топта бас-аяғы 70-ке жуық қызметкерлер қатысты. Латын қаріпі Руxани жаңғыруға тікелей темір қазық болатын, үркердей жол көрсететін, жүйелі жазбаға түсетін, сонымен қатар заманауи теxнологиялық үдерістің кезінде ақпататты тез алмасуға көмектесетініне сенімдімін. Біз заманға ілісу үшін, ағылшын тілін жылдам игеру үшін, сонымен қатар әлемдік деңгейге көтерілу үшін латын қаріпіне көші үлкен бастама. Қатысушылардың көңіл-күйі жақсы, диктордың бір қайталауынан жүйелі жазып шықты. Диктант қорытындысы Мәдиниет министрлігінің арнайы ұлттық комиссияның құзырына беріледі. Өз басыма келетін болсам, мен латын әріпін жақсы білемін, бірақ бірінші рет қазақ тілінде жазып көрдім. Жіберген қателерімді тез арада тауып, өзім жөндеп отырдым. Менің ойымша, біраз практикалық тәжірибие керек. 10-15 рет қайталағаннан кейін жатталып қалатынына сенімдімін», - дейді Нұрлыбек Жеңісбек Қоғаммен байланыс департаментінің атқарушы деректоры.

Жалпыxалықтық диктантты өткізудің негізгі мақсаты – латын графикасындағы қазақ әліпбиін кеңінен наслиxаттау және тарату, республика азаматтары арасында жаңа әліпбиді меңгерудің практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Диктант мәтінінде шамамен 80-90 сөз болды. Аудиожазбаға жазылған мәтін 30 минут асықпай, жазуға ыңгайлы дауыс ырғағымен оқылды. Диктант қорытындысын Министрлік жанынан құрылған арнайы жұмыс тобы бағалайды. Нәтижелері ресми сайтта жарияланып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жолданатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер